Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Қазақстан халқын тамыз айының үшінші жексенбісінде тойланатын Спорт күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Белсенді өмір салтын ұстанушылар саны күн санап өсіп келе жатқанын атап өтемін. Бүгінгі күні спорт әрбір қазақстандықтың өмірінің бір бөлігіне айналды. Біздің спортшылар халықаралық спорттық турнирлерде тамаша нәтижелер көрсетуде. Спортшыларымыздың барлық жарыстарда оларға қамқор болып, қолдау көрсететін жанкүйерлеріміздің көп болғанына қуаныштымын. Спорт – бұл әрқашан сынақ, сонымен қатар сіздің әлеуетіңізге жету жолы. Ол мінезді қалыптастыруда, ерік-жігерді дамытуда құрал болып, жолығар сынақтарға қарамастан биік мақсаттарға жетуге үйретеді. Ұлттық Олимпиадалық комитеті баршаңызға денсаулық пен табыс, спортшылар мен жаттықтырушыларға және осы салада қызмет атқаратындарға жаңа рекордтар мен жеңістер тілейді», – деді Тимур Құлыбаев.
Ақпарат көзі: inbusiness.kz