Чт. Май 9th, 2024

лматы қаласында 29 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында WTT Contender Almaty үстел теннисінен ауқымды халықаралық турнир өтпек.

Бақ сынасуға әлемнің 33 елінен 150-ден астам спортшы қатысады. Айта кетейік, Қазақстан жыл сайын жүлде қоры 75 мың долларды құрайтын contender әлемдік деңгейдегі рейтингтік турнирін қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан Үстел теннисі федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Турнир 6 күнге созылады. Нұркент 14 мекен-жайында «ADD Ustel Tennis Ortalygy»-да өтеді. Сондай ақ, таңертеңгі 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін сүйікті спортшыларыңызды қолдауға тегін кіре аласыздар.

Елімізден турнирге 11 ер және 11 әйел адам қатысады, олардың ішінде құрама көшбасшысы, Рио-2016, Токио-2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы және халықаралық турнирлердің жеңімпазы Кирилл Герасименко, жастар арасында аралас жұптық разрядта әлем чемпионы, халықаралық старттардың бірнеше дүркін жеңімпазы Алан Құрманғалиев, Токио-2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы Анастасия Лаврова, халықаралық жарыстардың шебері халықаралық дәрежедегі спорт және қазіргі уақыттағы еліміздің чемпионы Зәуреш Ақашева.

Сондай-ақ Алматыда үстел теннисінің атақты жұлдыздары өнер көрсетеді, олардың арасында Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Дмитрий Овчаров (Германия), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Трулс Морегард (Швеция), Еуропа ойындарының қола жүлдегері Алексис Лебрун (Франция), Африканың бірнеше дүркін чемпионы Квадри Аруна (Нигерия), әлем чемпионатының қола жүлдегері Лиам Питчфорд (Англия) және Еуропа чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаздары Бернадетт Сеч пен Элизабет Самара (Румыния).

Турнирді QAZSPORT телеарнасы мен World Table tennis YouTube-арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Турнирдің бас серіктестері «Самұрық-Қазына» АҚ және «туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» болды. Қазақстанның үстел теннисі федерациясы турнирді ұйымдастыруда ADD Capital, Sheber Group компанияларына, ақпараттық серіктестеріне көмек пен қолдау көрсеткені үшін QAZSPORT және Atameken Business  алғыс білдіреді.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz