Чт. Ноя 21st, 2024

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы саябақтарының бірінде кешкі жүгіруге шыққан зейнеткер кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы жағдайды Алматы қаласының полициясы растады.

«Адам өліміне әкеп соқтырған дене жарақатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаментінен.


Дереккөз: inbusiness.kz