Вт. Май 21st, 2024

Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.

«Астана LRT» желісінің құрылысы кезінде кран құлауының екінші жағдайы орын алды, деп хабарлайды Atameken Business.

Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Оқиға Есіл ауданында «Жыл мезгілдері» тұрғын үй кешені жанындағы Керей Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған. 

ZOOMLION автокөлік краны China Railway Asia-Europe Construction Investment-ке тиесілі. Апаттың алдын-ала себебі – шамадан артық жүктеме. 

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Айта кету керек, былтыр қазан айында LRT аумағында кран көлікке құлаған болатын.


Дереккөз: inbusiness.kz