Пт. Май 17th, 2024

Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды  

1 мамырда сағат 05:18-де Алматыдағы Әуезов ауданы 7-ықшам ауданындағы төрт қабаттың үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

30 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 05:45-те ауыздықталып, 05:52-де сөндірілді.

Үш иінді баспалдақ пен құтқару қалпақшасы арқылы 23 адам құтқарылды.

Өрт орнынан 1990 жылы туған Б. атты азамат 7-қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, сонымен қатар 1997 жылы туған әйелдің мәйіті табылды.


Дереккөз: inbusiness.kz