Вт. Дек 3rd, 2024

Иранда нүкте және басқа да жалғыз таңбаларды оппозиционерлер елдегі режиммен келіспейтінін білдіру үшін жиі қолданады екен.

Иранда блогер Хоссейн Шанбехзаде Twitter-де нүкте жариялағаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның бұл постын елдегі режимге қарсы шығу деп тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Iran International-ға сілтеме жасап.

Оппозициялық блогер Хоссейн Шанбехзаде Иранның жоғарғы көсемі Әли Хаменеидің постына нүкте қалдырған жауабы үшін кінәлі деп танылды. Оның жауабы аятолла Хаменеидің жазбасынан екі есе көп лүпіл жинады.

Иранда нүкте және басқа да жалғыз таңбаларды оппозиционерлер елдегі режиммен келіспейтінін білдіру үшін жиі қолданады екен.

Тұтқынға алынғаннан кейін Шанбехзаденің Twitter аккаунты жойылды, бірақ оның есімі желіде парсы тіліндегі ең танымал болып саналады. 

Шанбехзадеге «Израильді қолдап үгіт-насихат жүргізгені үшін» бес жыл, «исламдық қасиетті орындарды қорлағаны үшін» 4 жыл, «жалған ақпарат таратқаны үшін» 2 жыл және «мемлекетке қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін» тағы бір жыл берілді.


Дереккөз: Inbusiness.kz