Сб. Окт 24th, 2026

Рәсім 22 қазанда әйгілі «Шабуылдаушы бұқа» қола мүсіні Charging Bull жанында өтті.

Нью-Йорктің ортасында, Уолл-стритте, Республика күніне орай Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға Нью-Йоркте тұратын қазақстандықтар жиналды. Рәсімге қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік әнұранын шырқады.

Салтанатты сәттің кадрларымен Instagram парақшасында жергілікті фотограф Аркен Аван бөлісті. 

Уолл-стритте Республика күніне орай өтетін бұл рәсім бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған. Осындай іс-шаралар 2024 жылы және 2025 жылдары да қазақстандық дипломаттар мен диаспора өкілдерінің қатысуымен өткізілген болатын.

Өткен жылы бұл мереке ерекше оқиғамен ұласты. Нью-Йорк мэриясы қазақ қауымдастығының қаланың мәдени өміріне қосқан үлесін жоғары бағалап, бұл күнді ресми түрде Қазақстанның мұра күні (Kazakhstan Heritage Day) деп жариялады.

Қазақстанда Республика күні 25 қазанда аталып өтеді. 


Дереккөз: inbusiness.kz

Бөлісу