Қазақстан құрамасы 2022 жылғы жазғы Азия ойындарына қатысу үшін Ханчжоуға (ҚХР) келді.
Қытайға спортшылар мен команда өкілдері Алматыдан чартерлік рейспен жеткізілді. Азиадаға бірінші болып бокс, жүзу, үстел теннисі, үлкен теннис, нысана көздеуден, су добы (әйелдер), семсерлесу, спорттық гимнастика, дзюдо, регби-7, гандбол (ерлер) командалары аттанды. Бұдан әрі қарай құрамдар Ханчжоуға кешенді жарыста өнер көрсету кестесіне сәйкес келе бастайды.
Қазақстан құрамасында барлығы 525 спортшы бар, олар 30 спорт түрінен медальдар үшін күреседі, олардың 27-сі олимпиадалық спорт түрлері болып саналады. Айта кетейік, 2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоуда 54 спорт аренасында өтеді. Командалардың иелігінде 31 жаттығу базасы болады.
Ұлттық құрамалар тікеОлимпиадалық штаб қызметкерлері олимпиада қалашығындағы барлық қажетті рәсімдердің жедел рәсімделіп өтуін қамтамасыз етті, барлық спортшылар орналастырылып, жарыстарға дайындықты бастап кетті.лей Ханчжоуда орналасқан негізгі спорттық қалашықта, сондай-ақ Чжэцзян провинциясындағы бес шағын атлетикалық қалашықта орналасады.
Спортшылар үшін спорт қалашығының аумағында жаттығуына, серуендеуіне барлық қолайлы жағдай жасалған. Әр командаға дәрігерлер, уқалаушылар терапевттері және психологтар қол жетімді.
«Бұл ойындар орналастыру тәсілімен ерекшеленуде. Біздің делегация қалалық қонақ үйлер мен жалға алынған пәтерлерден басқа алты нысанда орналасатын болады. Бұл делегацияны басқаруда логистиканың белгілі бір күрделілігін тудырады, өйткені ол іс жүзінде бірнеше бөлікке бөлінеді және күнделікті жедел үйлестіру қажеттілі туындайды.
Оны нысандарда орналасқан және спортшыларға қажетті жайлылық пен дайындық жағдайларын қамтамасыз ететін олимпиадалық штабтың қызметкерлері үнемі қадағалайтын болады. Командалар жаттығуларына кірісті, дайындықтарын шыңдауда.
Қалашықтағы жұмыс атмосферасы берілген тапсырмаға сәйкес жүргізілуде, жалпы инфрақұрылымның алдағы ойындарға жақсы дайындығын атап өтуге болады», — деді ҚР ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Медальдар спорттың 40 түрінен ойнатылады. Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензиялар тоғыз түрінен ойнатылатын болады.
Қазақстан Азиадада 1994 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Ақпарат көзі: Olympic.kz