Ср. Май 8th, 2024

Бүгін үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Азия медальдары үшін таласады.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшылардың өнер көрсету кестесі белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Olympic.kz отандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыс күнінің бағдарламасын ұсынды.

22 қыркүйек күні үстел теннисінен Қазақстан командасы Азия медальдары үшін таласады. Сондай-ақ академиялық ескек есуден жартылай финал өтеді.

Жарыстың басталуы Астана уақыты бойынша көрсетілген.

Спорт түрі: жағажай волейболы, әйелдер. Қытайға қарсы матч (топтық раунд)

Спортшылар: Алина Радченко, Анастасия Уколова

Басталуы: 10:00

Спорт түрі: жағажай волейболы, ерлер. Қытайға қарсы матч (топтық раунд)

Спортшылар: Нұрдос Алдаш, Кирилл Гурин

Басталуы: 13:00 

Спорт түрі: заманауи бессайыс, ерлер. Семсерлесу, жүзу, лазер-ран

Спортшылар: Павел Ильяшенко, Кирилл Стадник, Темірлан Әбдірайымов, Георгий Борода-Дудочкин

Басталуы: 08:00

Спорт түрі: академиялық ескек есу, ерлер (жалғыз). Жартылай финал

Спортшылар: Владислав Яковлев

Басталуы: 13:30

Спорт түрі: үстел теннисі, ерлер/әйелдер. Командалық жарыстар, біліктілік

Спортшылар: Қазақстанның ерлер және әйелдер командалары

Басталуы: 08:00

 Спорт түрі: волейбол, ерлер. Жапонияға қарсы матч

Спортшылар: Қазақстанның ерлер командасы

Басталуы: 12:30

Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 23 қыркүйек күні Ханчжоуда өтеді.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz