Ср. Май 8th, 2024

«Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алып отырған қауіпсіздік жағдайларына байланысты, аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз.

Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарынан Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұруларыңыз міндетті түрде ұсынылады (консулдық есепке сілтеме (https://kazembassy.ru/rus/consul_uchet_vrem) бойынша онлайн тұруға болады).

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады. 
ҚР РФ Елшілігінің жедел желі телефоны: +7-925-897-71-14″, — делінген хабарламада.

P.S. Ермек Көшербаев ШҚО әкімі лауазымына ауысқаннан кейін Ресейдегі Қазақстан елшісі әлі тағайындалмады.


Ақпарат көзі: Atameken Business