Ср. Май 8th, 2024

Оқиға 1 шілде күні болған

Ақмола облысы Төңкеріс станциясында салынып жатқан балабақшаның септигіне үш жасар бала батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 шілдеде сағат 17:00-де Шортанды аудандық полиция бөліміне Төңкеріс станциясында салынып жатқан балабақша аумағында үш жасар баланың септикке батып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

«Бұл оқыс оқиға бойынша сараптамалар тағайындалды, мән-жайлар анықталып жатыр, тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп қосты облыстық полиция департаменті.


Источник: inbusiness.kz