Пт. Май 3rd, 2024

«Qazaq Oil» компаниясының ұжымы алапат өрт салдарынан қаза тапқан әрбір адамның отбасы мен жақындарына шын жүректен қолдау көрсетіп, көңіл айтады. Біз сіздермен бірге сынақтың ауырлығын сезінеміз, өйткені мұның бәрі туған жеріміз Қазақстанда болып жатыр», — делінген Qazaq Oil хабарламасында. 

Компания Абай облысының тұрғындарына батылдылық пен шыдамдылық тілейді.

«Біздің компания моральдық қолдаумен бірге орман өртінен зардап шеккендерге көмек ретінде 50 млн теңге көлемінде материалдық көмек бөлу туралы шешім қабылдады».

Компания жағдайдың жақын арада тұрақтанатынына, Абай облысы тұрғындарының күнделікті өміріне қайта оралатынына сенімді.

«Сіздер жалғыз емессіздер, бұл қиын сынақта біз сіздермен біргеміз. Бірлесе  осы қиындықтарды жеңіп, күнделікті өмірімізге ораламыз. Халқымызға тыныштық, жақсылық пен амандық тілейміз», — делінген Qazaq Oil хабарламасында.


Ақпарат көзі: Qazaq Oil