1961 жылы 21 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.
Білімі
Шымкент қ. №1 ОМ түлегі (1978 ж.);
1985 жылы И. И. Мечников атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина академиясын бітірді;
2003 жылы Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы “Қазақ экономикалық институты”, «Мемлекеттік және жергілікті басқару»- мамандығын бітірген;
2004 жылы Италияның Милан қаласында «Master of Petroleum Businesses» мамандығы бойынша мамандандырылған дайындық курсынан сәтті өтті;
2005 жылы Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық Академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметі
1990-2000 жылдары халықаралық ұйымдарда (ДДҰ), шетелдік компаниялардың өкілдіктерінде және басқа да кәсіпкерлік құрылымдарда жұмыс істеді, бірқатар өндірістік кәсіпорындарды басқарды;
2002 жылдың қаңтар айынан бастап “Мұнай және газ көлігі “Ұлттық Компаниясы” АҚ жүйесінде және одан әрі “ҚазМұнайГаз “ҰК” АҚ-да түрлі қызметтер атқарды;
2003 жылға дейін “ҚазМұнайГаз “ҰК” АҚ Көлік инфрақұрылымы және сервистік жобалар жөніндегі Атқарушы директоры болып жұмыс істеді;
2003-2004 жылдары — “ҚазМұнайГаз “Сауда үйі” ЖАҚ бас директоры;
2004-2005 жылдары — “ҚазРосГаз” АҚ Бас директоры;
2005 жылғы маусымнан желтоқсанға дейін – “ҚазМұнайГаз “ҰК” АҚ аппаратының басшысы;
2005 ж. желтоқсанда “KAZENERGY” қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы » ЗТБ бас директоры болып тағайындалды;
2012 жылғы қарашада KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
2015 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – “Медикер” ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы;
2016 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – “Атамекен” ҚР ҰКП Төралқасының Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің төрағасы
Халықаралық және қоғамдық қызмет
2013 жылдан – Қазақстан-Венгрия Іскерлік кеңесінің төрағасы;
2013 жылдан 2014 жылға дейін — Энергетикалық хартия бойынша конференция төрағасының орынбасары;
2015 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін- Энергетикалық Хартия Бас хатшысының арнайы өкілі;
2016 жылдан — Қазақстан Республикасындағы Венгрияның құрметті консулы
2017 жылдың шілдесінен бастап-маркетинг жөніндегі вице-президент және WPC Атқарушы комитетінің мүшесі (Дүниежүзілік мұнай кеңесі);
Қазақстан гольф федерациясы Кеңес мүшесі;
Қазақстан бокс федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі;
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
Марапаттар
“Құрмет” Ордені (2010);
“Парасат” Ордені (2015);
Венгрия Республикасының Құрмет Орденінің “Рыцарь Кресті” (2017);
“Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл” медалі (2005);
“Астанаға 10 жыл” медалі (2008);
I дәрежелі “Атамекен” медалі (2009);
“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл” медалі (2011);
“KAZENERGY-ге 10 жыл” медалі (2015).
“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл” медалі (2016).
Қосымша ақпарат
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Үйленген, төрт баланың әкесі.