Чт. Май 9th, 2024

1958 жылы 14 шілдеде Гурьев облысы, Балықшы ауылында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары

И.М. Губкин атындағы Мәскеу мунай институтын бітірген (1981), “Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау” мамандығы.

Ғылыми атақ-дәрежелері, қызметі

Техника ғылымдарының кандидаты;

“Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері” атағы;

“Қазақстан Республикасының жер қойнауын құрметті барлаушысы” атағы, 2008 ж.;

Қашаған мұнай-газ кен орнын ашушы, 2018 ж.;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі, Наурыз 2021 ж.;

ұлттық тау-кен академиясының академигі, Наурыз 2021 ж

Еңбек қызметі

Мұнай барлау экспедициясының жұмысшысынан ірі мұнай-газ компанияларының басшысына дейінгі жол өтті.

Қазақстандық және халықаралық мұнай өндіру және барлау компанияларында жұмыс істеді:

“Қазақстан Каспийшельф” АҚ;

Agip KCO;

ҚазМұнайТеңіз “ҰК” АҚ;

“ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ;

“ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ.

Мұнай-газ өнеркәсібіндегі жалпы жұмыс өтілімі-36 жылдан астам.

Лауазымдары:

“ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (06.2009);

Британдық Директорлар институтының сертификатталған директоры, Cert Id (12.2013).

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар

ҚР Президентінің 2016 жылғы 05 желтоқсандағы Жарлығымен III дәрежелі “Барыс” ордені

ҚР Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы Жарлығымен “Парасат” ордені

ҚР Президентінің 1997 жылғы 21 мамырдағы Жарлығымен, “Құрмет” ордені

Ғылыми, әдеби еңбектер:

“Каспий теңізінің қазақстандық секторының мұнай-газ кен орындарын игеру” кітабының тең авторы.

Қосымша ақпарат

Үйленген, екі қыздың әкесі.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.