Пт. Ноя 22nd, 2024

Ресей басшысының осы аптадағы жұмыс кестесі шықты.

Ресей президенті Владимир Путин осы аптада ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы “Россия 1” (ВГТРК) телеарнасындағы “Мәскеу. Кремль. Путин” бағдарламасының авторы Павел Зарубин өзінің Телеграм арнасында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресей басшысы Владимир Путиннің осы аптада Қазақстанға сапары жоспарланып отыр. Бұдан бөлек ол Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен және Ресей Федерациясының Үкіметімен кеңестер өткізеді, делінген хабарламада.

Айта кету керек, 7 қазан күні Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасы іске қосу рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөз жүргізген болатын.


Дереккөз: Inbusiness.kz