Ср. Май 8th, 2024

Шетелде 300-ден астам қазақстандық турист жүр.

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор» КҚ ақпараты бойынша TEZ.KZ туроператоры өз қызметін тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Аталған туроператор ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

Бүгінде шетелде бұл туроператордан 300-ден астам қазақстандық туристі бар.

Мәселені шешу үшін ҚР Туризм және спорт министрлігі мүдделі тараптармен жедел кеңес өткізгенін хабарлады. Осылайша, министрліктің қолдауымен TEZ.KZ туроператорының барлық туристері Қазақстанға туроператордың кепілдік жүйесінде жинақтаған қаражаты есебінен қайтарылады. Кепілдендірілген қайтарудың алғышарты — туркодының болуы болып табылады. Туристерге туристік өнімде көрсетілген келу күндеріне сәйкес Қазақстанға қайту билетімен қамтамасыз етіледі.

«2016 жылдан бастап туроператор сататын әрбір турда ТУРКОД болуы керек — бірегей әріптік-цифрлық мән. Туркодтын әрекеті Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен кезден басталады және туроператордың өз міндеттемелерін орындауы/орындамауы мүмкін болмаған жағдайда тез арада қайтарылуына кепілдік береді. Әрбір ұйымдасқан турист оны талап етуі керек», — делінген министрлік таратқан мәліметте.

Қордың негізгі мақсаты — турист болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарының туроператордың өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда уақытша болатын елден Қазақстан Республикасының аумағына тез оралуын қамтамасыз ету болып табылады.

Туристердің қайтарылуы бойынша барлық сұрақтарға қатысты келесі контактілерге хабарласуға болады:

1) «Туристік қамқор» КҚ директоры — Есилов Асылхан Бурамбекович, тел. 74-51-58, +7-701-534-05-08;

2) ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Басқарма басшысы — Ауезов Меиржан Ибадуллаевич, тел. 74-07-71, +7-701-553-20-64.


Дереккөз: Inbusiness.kz