Сб. Апр 20th, 2024

Жаппай төбелеске жанкүйерлер тұрған сектордың бір-бірінен алшақ болмауы себеп болуы мүмкін. 

Анталияда алғаш рет Қазақстан суперкубогінің финалы өтті. Ойында шымкенттік «Ордабасы» мен қостанайлық «Тобыл» кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спорттық шарада Түркияда тұратын отандастарымыз бен ойынға арнайы келген қазақстандық жанкүйерлер бас қосты. Екінші таймның ортасында трибунада басталған төбелес жанкүйерлердің бір-біріне орындық лақтыруына ұласқан. 

Жаппай төбелеске жанкүйерлер тұрған сектордың бір-бірінен алшақ болмауы себеп болған деседі.  

Ойын қорытындысы бойынша есеп 1:1 болып, матч тең аяқталды. Ал пенальтилер сериясының қорытындысы бойынша «Тобыл» 6:5 есебімен жеңіске жетті.


Дереккөз: Inbusiness.kz