Ср. Май 8th, 2024

Әуежайдағы жолаушылар эвакуацияланды. 

Астана әуежайынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 112-ге Астана қаласының халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша — №1 және №2 терминалдар арасындағы галереядан қою түтін шыққан, адамдар эвакуацияланды.

Сағат 08-24-те өрт сөндірілді. №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанған. 


Дереккөз: Inbusiness.kz