Сб. Дек 21st, 2024

Ә. Мурадовтың ісіне қатысты сот үкімі 18 қыркүйек күні сағат 12:00-де шығады деп күтілуде.

Елордадағы Kaspi Bank ғимаратына шабуыл жасаған күдіктіге прокурор 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

«Барлық қатысушының айғақтарын талдап, зерттей отырып, сотталушы Әлихан Мурадовтың қылмыстық ниетінің болғанына күмән жоқ. Оның әрекеті объективті расталды және қылмыстық істің болғаны материалдарымен толық дәлелденді. Ә. Мурадовтың жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін жағдайлар – кінәсін мойындап, ісіне өкінуі, істі қарау барысындағы белсенділігі», -деді прокурор Раушан Ақшораева.

Оның айтуынша, Ә. Мурадовтың қылмыстық жауапкершілігін ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

«Осыған дейін қаралған барлық мән-жайды ескере отырып, Ә. Мурадовты Қылмыстық кодекстің 4 және 9-тармақтардың 261-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тануды және оған ҚР Қылмыстық кодекстің 2-тармағының 55-бабы 2-бөліміне сәйкес 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Жазаны өтеу қауіпсіздік орташа қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде белгіленсін», — дейді ол.

Айта кетейік, Ә. Мурадовтың ісіне қатысты сот үкімі 18 қыркүйек күні сағат 12:00-де шығады деп күтілуде.

18 маусымда ол елордадағы Kaspi банк ғимаратында бірнеше кісіні тұтқында ұстады. 23 тамызда Kaspi Bank ғимаратына жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс сотқа жетті.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz