Ср. Май 8th, 2024

HALYK басшысы Үміт Шаяхметова Ақтау қаласындағы сапары аясында, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті.

Облыстық әкімдік басшысына «Халық» қорының өңірдегі жұмысының нәтижелері мен «Халық» қайырымдылық қорының Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жобалары туралы ақпарат ұсынылды.

2022-2023 жылдар аралығында банк пен “Халық” қоры республика бойынша білім, экология, мәдениет және спорт салаларындағы қайырымдылық және әлеуметтік жобаларға 43 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді.
Өткен жылы Маңғыстау облысы бойынша қайырымдылық жобаларының жалпы бюджеті 610,5 миллион теңгені құрады. 2023 жылы Маңғыстау облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бөлінген қайырымдылық көмек көлемі 3,5 млрд теңгеге дейін өседі.
Облыс әкімі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы бастамалары үшін “Халық” банкінің өкілдеріне алғыс айтты.

“– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында жергілікті атқарушы органдар өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Біз коммерциялық және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыратын барлық инвесторларды қолдауға дайынбыз”, — деді облыс әкімі Ноғаев.

“Халық” АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова Маңғыстаудың республика экономикасы үшін маңызы зор екенін және банк өңірдің экономикалық қуатты, гүлденген және заманауи облыс орталығына айналуына өзінің үлесін қосып жатқанын атап өтті.

“ – Бүгінде “Халық” өңірдегі ШОБ субъектілерінің 50 пайыздан астамын несиелендіруде. Бұл – республика Президентінің өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсету туралы тапсырмасын ескере отырып жасаған нақты қадамдарымыз, бірақ мұнымен шектелмейміз. Біздің банк пен “Халық” қоры әлеуметтік күн тәртібін қалыптастыруға белсенді атсалысуда. Өңір тұрғындарының сұранысына жауап бере отырып, біз алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз”, — деп «Халық» басшысы бөлісті.

Еске салайық, тамыз айында Маңғыстау облысының әкімдігі мен “Халық” қайырымдылық қоры арасында меморандумға қол қойылған болатын, оған сәйкес қор Бейнеу астық терминалының жұмысын қалпына келтіру жобасын қаржыландыруды, Жаңаөзен қаласында тұщыландыру зауытының құрылысына және Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында суды тұщыту зауытының құрылысына демеушілік көрсетуді міндеттейді. Сондай-ақ, келесі жылдың соңына дейін Жаңаөзен қаласында дене шынықтыру мен сауықтыру кешені, және Маңғыстау облысында бірқатар балалар спорт пен ойын алаңдарын салу жоспарлануда.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz