Пт. Фев 23rd, 2024

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. 

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірбаяндық кітабы 1 желтоқсанда жарық көрді. Автор бір данасын Кремльге жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РБК арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап.

«Нұрсұлтан Әбішұлы кітабын Владимир Владимировичке жіберді. Ол біздің президентке беріледі. Себебі, бұл – автордың көшірмесі», — деді Песков брифингте.

Назарбаевтың «Менің өмірім. Тәуелділіктен бостандыққа» кітабы 22 тараудан тұрады. Олардың әрқайсысы автордың жеке өміріндегі немесе оның саяси мансабындағы түрлі оқиғаға арналған.

Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің екінші әйелі мен тағы екі ұлы бар екенін мойындады. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті лауазымында мұрагер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдау туралы шешім және 2022 жылғы қаңтарда республикадағы жаппай наразылықтар туралы айтты.


Дереккөз: inbusiness.kz