Пн. Окт 7th, 2024

Бүгін облыстық әкімдік пен «KazPetroDrilling» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бүгінгі таңда аталған кәсіпорынға Қарақия ауданынан 70 ГА жер бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ .

Жаңа меморандум Маңғыстау облысында жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ аймақтағы мұнай мекемелерінің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Өйткені, бүгінгі таңда қажет темір шетелден қымбат бағаға келеді. Ал халықаралық талаптарға сай салынатын құбыр өнімдерін шығаратын зауыт импортты толық қамтып, қосымша экспортқа да жол ашады.

Құрық поселкасында құбыр шығаратын үлкен зауыт салғымыз келеді. 26-жылы ол аяқталады. Және де оған үлкен инвестиция жұмсалып жатыр. 530 млн-дай. Енді байқап отырғаныңыздай, зауыттың бүкіл салықтары жергілікті бюджетке жәрдем береді деп есептеймін, — деді «KazPetroDrilling» АҚ Вице-президенті Қайырбек Елеусінов.

«KazPetroDrilling» компасы Қарақия ауданында шоғырланады. Нысанның құрылыс барысында 400 уақытша, ал кәсіпорын іске қосылғанда 550 адам тұрақты табыспен қамтылады. Инвестордың айтуынша жергілікті кадрлерге басымдық беріледі. Жоба құны шамамен 530 млн АҚШ долларын құрайды.

Жобаға шамамен 550 млн АҚШ долларын құрайды. Теңгеге шақсақ, бүгінгі курспен 240 млрд теңгедей болады. Болашақ зауыттың қуаттылығы 250 мың тонна құбыр өнімдері, — деді индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрәділ Иманғалиев.

Алдағы уақытта жергілікті билік нысан аумағын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Ал жалпы зауыт 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Сондай-ақ «ҚазПетроДриллинг» компаниясы Жаңаөзен қаласында да жаңа зауыт ашуға ниетті. Оған 17 млрд теңге бөлген. Құрылысы келер жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған.


Ақпарат көзі: Baq.kz