Пт. Июл 31st, 2026

Тараптар энергия ресурстарын әлемдік нарықтарға үздіксіз экспорттауға ерекше назар аударды.

Қазақстан энергетика министрі Ерлан Аккенженов пен АҚШ елшісі Джули Стаффт өңірлік энергетикалық қауіпсіздік, энергия ресурстарының жеткізілімінің тұрақтылығы және экспорттық инфрақұрылымның сенімді жұмысын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство дерегінше, Қазақстан мен АҚШ энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін растады. Кездесу қорытындысында стратегиялық энергетикалық әріптестік аясында диалогты жалғастыруға, инвестиция тартуға және бірлескен жобаларды дамытуға уағдаласты.

Кездесу Қара теңіздегі КҚК теңіз терминалында «Теңізшевройл» мұнайын тиеп жатқан танкерге дрон шабуылы жасалған сәтте өтті. Кезекті дрон шабуылы туралы ақпаратты КҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, 30 шілде күні Мәскеу уақытымен 01:48-де Маршалл аралдары туы астындағы NISSOS SIFNOS танкеріне дрон шабуылы жасалды. Кеме ҚКҚ терминалының ВПУ-3 айлағында мұнай тиеу үстінде болған. Жүк жөнелтуші  «Теңізшевройл» ЖШС. Шабуыл палубадағы мұнай қабылдау жабдығы орналасқан жерге тиген. Өрт шыққанымен, ол дереу сөндірілген. Зардап шеккендер мен мұнай төгілуі болған жоқ, бірақ тиеу тоқтатылды.

КҚК жүйесі арқылы Қазақстан экспорттайтын мұнайдың шамамен 80%-ы тасымалданады. Сондықтан теңіз терминалындағы кез келген іркіліс ел экономикасына және әлемдік нарыққа жеткізілімге қауіп төндіреді.

Бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Қошербаев АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдар жайлы телефон арқылы сөйлескен еді.


Дереккөз: inbusiness.kz

Бөлісу