Ср. Май 8th, 2024

Еліміз Олимпиада күнін атап өтті

Спорт мерекесі – қазақстандықтар үшін дәстүрлі жарысқа айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетінің қолдаумен еліміде спорт мерекесі 30 жыл бойы тойланып келеді. Бұл күні қалалар мен аймақтарда спорт сайыстары өтті. Тақырыпты әріптесім Самат Қанағатов тарқатады.

23 маусымда Халықаралық Олимпиада комитетінің қолдауымен бүкіл әлемде Олимпиада күні атап өтіледі. Спорт мерекесі Қазақстанда үлкен қолдауға ие. Ұлттық олимпиада комитетінің қолдауымен елімізің барлық аймақтарында спортттық шаралар өтіп жатыр. Олимпиада күні елорда жұртшылығы биылда триатлон саябағына жиналды. Спорт фестиваліне келгендер: эстафеталық жарыс, баскетбол, таеквондо, үстел теннисі сынды спорт түрлерінен бәсекеге түсті. Шараға еліміздің танымал спортшылары келіп, қала тұрғындарына шеберлік сабағын өткізді. Спорттық сайыста ерекше көзге түскен үздіктер ұлттық олимпиада комитеті дайындаған естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Біздің іс-шарамыздың мақсаты жастарды спортқа тарту. Бекер жүрмеу керек. Біз жатарды шақырып жатырмыз спортқа. Салауатты өмір салтын насихаттау үшін ұйымдастырылады. Барлықтарыңызды спортқа шақырамыз Құтты болсын», — деді Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. 

Олимпиада күнін ұйымдастыруда ҚР ҰОК серіктестері «Туризм және спорт саласын қолдау қоры» мен «Тойота Мотор Казақстан» болды.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz