Пт. Дек 6th, 2024

Бұл сұраққа Ұлттық банк төрағасының орынбасары жауап берді.

Ұлттық банк 22 қарашаға арналған ресми бағамында 1 долларды 494,87 теңге деп көрсеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Виталий Тутушкин (Ұлттық банк төрағасының орынбасары) айырбас пункттеріндегі санға қатты мән беретінін айтқан. 

– Менің ойымша, санның өзіне көп мән береміз. Өсу қарқыны маңызды, – деген ол Сенат кулуарында.

БАҚ өкілдері одан «доллар құны 600 теңгеге дейін өсе ме?» деп сұраған. 

– Біз болжам жасамаймыз. Бізде айырбас бағамы еркін режимде, – деп жауап қатты Тутушкин.

Жалпы, дәл бүгінде доллар Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде 494-499 теңге аралығында саудалануда. 

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 496,9 теңгеден сатылса, сатып алу бағамы – 498,9 теңге. Еуро – 520,5-525 теңге аралығында.

Тиісінше, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 494 теңге болса, сатып алу құны – 499 теңге болып тұр.


Дереккөз: Inbusiness.kz