Вс. Апр 28th, 2024

Еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам күрес шебері қатысып жатыр. 

Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасы чемпионаты өтіп жатыр.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, UWW біріккен күрес әлемінің бюро мүшесі, Азия күрес федерациясы және ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим шеберлері 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақ бойынша жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Астана қаласы сапынан 55 келіде белдескен Айбек Айтбеков жартылай финалда көпшілікті таңғалдырып, басты фавориттің бірі — Аманғали Бекболатовтан айласын асырып кетті.

Дегенмен, финалда Жетісу облысының спортшысы Нұрзат Қабдырахимовқа есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бәсеке 5 ақпанға дейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.


Дереккөз: inbusiness.kz