Қазақстан инвесторлары қауымдастығы (ҚИҚ) Investment Protection Forum IPF-2026 — Инвесторлардың құқықтарын құқықтық қорғау бойынша республикалық форумға қатысты хат жариялады.
Генералдық прокурор — инвестициялық омбудсмен Беріқ Асыловтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлар құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырған форум мемлекет пен бизнестің ашық диалогы үшін маңызды алаңға айналды.
Қазақстан инвесторлары қауымдастығы басқармасы төрағасының орынбасары Нұрлан Мұқаев атап өткендей:
«Форум аясында инвесторларды қорғаудың маңызды стратегиялық өзгерісі белгіленді — реактивті модельден превентивті модельге көшу. Мұндай тәсіл мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының философиясын түбегейлі өзгертеді, бұзушылықтарды алдын алуға басымдық береді.
Біз бұл бастамалар нақты құралдармен қолдау табатынын көріп отырмыз — прокурорлық сүзгі, жобаларды нақты уақыт режимінде сүйемелдеу және цифрлық шешімдер сияқты.Ерекше маңыздысы — инвесторлардың құқықтарын қорғау және бизнестің әкімшілік қысымын азайту бойынша практикалық нәтижелер туралы сөз болып отыр.
Жеке атап өткім келеді — әкімшілік кедергілерді жоюды, процестердің ашықтығын арттыруды, бизнеспен диалогты дамытуды және кәсіпкерлік қызметті одан әрі декриминализациялауды қамтитын жүйелі жұмыс бағытын. Бұл елдің инвестициялық тартымдылығына тікелей әсер ететін негізгі факторлар.Осы жұмысты заңнаманың тұрақтылығына және шешімдерді әзірлеу процесіне бизнесті кеңірек тартуға басымдық бере отырып жалғастыруды маңызды деп санаймыз. Бұл Қазақстанда тұрақты және болжамды инвестициялық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді».
Қазақстан инвесторлары қауымдастығы Инвесторлар құқықтарын қорғау комитетіне форумды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және конструктивті өзара іс-қимыл үшін тиімді алаң құрғаны үшін алғыс білдіреді.
Дереккөз: ҚИҚ