Астаналықтың алаяқтық әрекеттері салдарынан 70-тен аса адам Вьетнамға демалысқа бара алмай қалды. Олардың туристік жолдамалары жойылып, жәбірленушілер айтарлықтай қаржылық шығынға ұшыраған
Кінәлі тұлға әуе билеттерін нарықтағы бағадан төмен ұсынып, клиенттеріне оларды арнайы байланыс арқылы сатып алатынына сендірген. Алайда, ол шынайы билеттердің орнына жалған маршруттық түбіртектерді берген. Туристер әуе билеттерге тапсырыс жоқ екенін ұшар алдында, әуежайда бір-ақ білген.
«Зардап шеккендер арасында ересектер де, балалар да бар. Жалпы материалдық шығын 17 миллион теңгеден асты. Адамдар тек ақшаларынан ғана емес, көптен күткен демалыстарынан да айырылды – төленген қонақүйлер, экскурсиялар және басқа да шығындар өтелмеген», — делінген хабарламада.
Бас прокуратура мәліметінше, алаяқ әйел 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.
ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS