Қазақстанда алғаш рет ғалым әйелдерге арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңадан тағайындалған марапат Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Найля Базанованың атымен аталады.
Бұл жайлы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен мерекелік іс-шарада Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды 24kz.
Ол ғылымды дамытуда арулардың үлесі орасан зор екенін және еліміздегі ғалымдардың 60%-ын әйелдер құрайтынын сөз етті.
Дереккөз: Zakon.kz