Чт. Май 2nd, 2024

Ол – қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер.  

Ғұмырын Қаныш Сәтбаев, Евней Букетов, Ермұқан Бекмаханов сияқты қазақтың біртуар ұлыларын зерттеуге арнаған заманымыздың заңғар жазушысы, «Құрмет» орденінің, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері Медеу Сәрсеке 88 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Медеу Сәрсеке Семей облысы, бұрынғы Абыралы ауданына қарасты Қайнар ауылында 1936 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Орта мектепті Алтын медальмен тәмамдап, Алматыдағы Кен-Металлургия институтына түсіп, 1958 жылы инженер-металлург мамандығын иеленген.

Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінен бастаған. Ол мұнда 1958-59 жылдарда әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып еңбек етеді.

Инженер қаламгер төл әдебиетте өндіріс тақырыбының жаңа белеске көтерілуіне де айрықша үлес қосты.

«Ғажайып сәуле» (1959), «Көрінбестің көлеңкесі» (1960), «Жетінші толқын» (1964), «От және атом» (1965) сынды повестердің авторы. Өндіріс адамдары жайлы «Жеті жылдықтың жігіттері» очерктер кітабы (1961), «Қаз қайтқанда» (1968), «Айшықты мезет» (1969) деректі повестері жарияланды.


Дереккөз: Inbusiness.kz