Вс. Ноя 24th, 2024

Ол 31 наурызда өтетін муниципалды сайлау өзі үшін соңғы сайлау болуы мүмкін екенін айтты.

Саясаткер 2028 жылы президенттіктен кеткеннен кейін АКП-ның консерваторлары билікте қала беретініне сенім білдірді, деп хабарлады DW.

Түркияда наурыз айының соңында өтетін муниципалды сайлау елдің қазіргі Президенті Режеп Тайып Ердоған үшін соңғысы болмақ.

Бұл туралы мемлекет басшысы жұма күні, 8 наурызда TUGVA жастар ұйымының отырысында мәлімдеді.

Ердоған заңнама бойынша өзіне берілген өкілеттіктерге тоқталды.

70 жастағы саясаткер өзі жетекшілік ететін консервативті Әділет және даму партиясы Ердоған мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейін де билікте қалатынына сенім білдірді.

Режеп Тайып Ердоған 20 жылдан астам уақыт билікте болды. 2003 жылы ол алғаш рет премьер-министр, 2014 жылы президент болып сайланды.

2018 жылы Ердоған жоғары мемлекеттік лауазымға қайта сайланды. 2023 жылы ол президенттік сайлауда қайтадан жеңіске жетті, бірақ тек екінші турда оппозицияның жалғыз кандидаты Кемал Кылычдароглуды жеңді. Қазіргі мемлекет басшысының өкілеттігі 2028 жылы аяқталады.


Дереккөз: inbusiness.kz