Чт. Июл 2nd, 2026

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясы тамыздағы сайлауға 7 партияны жіберу туралы қаулы қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Олар: 

  1. «Ақжол»;
  2. «Ауыл»;
  3. «Әділет»;
  4. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
  5. «Байтақ» жасылдар партиясы;
  6. Қазақстан халық партиясы;
  7. Respublica.

AMANAT партиясы Орталық сайлау комиссиясына ресми хат жіберді. Оған сәйкес, партия мүшелері алдағы сайлауға қатыспайды.

Айта кетейік, құрылтай сайлауында 10 мың дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.  Құрылтай сайлауын өткізуге 71 мың адам жұмылдырылады. Олар сайлау комиссиясының құрамында қызмет етеді. Саяси науқанға 12,5 млн адам қатысып, дауыс беру құқығына ие болады. Сайлаушыларға 10 мың учаске қызмет көрсетеді. Оның 82-сі шет елдердегі бөлімшелер.

Азаматтар әлемнің 64 елінде өз таңдауларын жасай алады. Бір ерекшелігі – биылғы науқан жазғы демалыс маусымына сәйкес келіп тұр. Сол себепті азаматтар тұрғылықты жерінде, сондай-ақ уақытша барған орындарында дауыс бере алады.

Бұған дейін Құрылтай сайлауының логотипі мен сайлаудың күнтізбесі бекітілгенін жазған болатынбыз.


Дереккөз: inbusiness.kz

Бөлісу