Ср. Май 22nd, 2024

Үкімет Риддердегі тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстарына сегіз миллиард теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Қаражаттың басым бөлігі жылу электр орталығын жөндеуге жұмсалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған республикалық бюджетінде Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласына шұғыл шығыстарға көзделген резервінен жалпы сомасы 8 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді», — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазандық қондырғылары мен жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ қаржы отынмен қамтамасыз ету галереясы мен аспирациялық жүйені күрделі жөндеуге жұмсалады.Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін жылу көзінде белсенді жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны хабарланған болатын. 24 шілдедегі жағдай бойынша барлық 6 қазандық агрегатында, отын беру желісінде, турбина цехында, сондай-ақ ЖЭО ғимаратының өзінде және жылу желілерінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде.


Ақпарат көзі: kaz.zakon.kz