Чт. Май 9th, 2024

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдығына орай іс-шаралар циклін бастайды.  

Олимпиада комитеті еліміздің түкпір-түкпірінде 30 күн тойын өткізіп, мерекелік шаралар тізбегін Астанада ҰОК мерейтойлық сессиясымен аяқтайды, деп жазады Inbusiness.kz.

Мерекеге Қазақстан Республикасында олимпиадалық қозғалыстың дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан көрнекті спортшылар, ардагерлер мен спорт қайраткерлері қатысады. Той-думан аясы Астана, Алматы, Шымкент қалаларын және Қазақстанның барлық өңірлерін қамтиды.  

«ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті — Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдасы. 30 жыл ішінде орасан зор жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда ҚР ҰОК-халықаралық спорт қауымдастығының маңызды мүшесі әрі әлемдік спорт ұйымдарының сенімді серіктесі. 

Сондықтан Біз Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдық мерейтойын ерекше атап өтпекпіз. Біздің ортақ жеңістерімізге үлес қосқандардың барлығына алғыс айтқым келеді», — деді ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев.

Өңірлерге сапарлар аясында ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне құрмет көрсетіліп, мерейтойлық медальдармен марапатталады. Іс-шаралар барысында бірқатар спорттық-бұқаралық жарыстар өтеді. Акция бүгін Жамбыл облысынан Тараз қаласында басталады.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz