Вт. Окт 8th, 2024

2-8 қазан аралығында Қазақстан бойынша «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.  

Көші-қон заңнамасын бұзған 8303 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz.

«Операция барысында көші-қон заңнамасын бұзған 8303 шетелдік, сонымен қатар шетелдіктердің елде болу ережесін дұрыс қамтамасыз етпеген 2632 адам мен шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 537 адам жауапкершілікке тартылды. Елден 931 шетелдік азамат шығарылды», — деді деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек апталық брифингте.

Оның айтуынша, ТМД елдерінен келген шетелдіктер арасынан 22 қылмыскер ұсталды.

ІІМ мәліметінше, өткен аптада елде 2893 қылмыс жасалған. Оның 1800-і тәулік ішінде ашылды.


Дереккөзі: inbusiness.kz