Вс. Май 19th, 2024

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттердің шығыстары 9 трлн теңгені құраған. 

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 9 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 49 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қазанға 1 трлн 112 млрд теңге бөлінген. Оның 98,5%-ы игерілген. Атқарылмағаны – 17 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 16 млрд теңге игерілмеген», — деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, ең көп игерілмеу Астана қаласында, Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облыстарында қалыптасты.


Дереккөз: inbusiness.kz