Пн. Окт 7th, 2024

Кеше Алматыда спорт ардагерлеріне мен еңбек сіңірген қайраткерлері, жаттықтырушылар және төрешілерге мерейтойлық медальдар табыс етілді.


Биыл Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясы елімізде осы спорт түрінің 70 жылдығын атап өтуде. Кеше, 3 қыркүйекте Алматыда осы айтулы оқиғаға орай еңбек сіңірген қайраткерлер, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен төрешілер мерейтойлық медальдармен марапатталды, деп inbusiness.kz хабарлайды.


Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин мен вице-президент Елсияр Қанағатов қонақтарға құрмет медальдарын табыстады.


«Бүгін біз осында Қазақстандағы үстел теннисінің 70-жылдық дамуының ғана емес, осыған қатысқан барлық адамдардың баға жетпес үлесін білдіретін мерейтойды атап өту үшін жиналдық. Бұл спорт бізді байланыстырды, жаңа белестерге шабыттандырды және достығымызды нығайта түсіртті.
Қазақстан Республикасында үстел теннисінің дамуына күш-жігері мен құштарлығы себеп болған адамдарға шын жүректен алғысымыз бен құрметімізді білдіргіміз келеді. Бұл медальдар тек табыс пен мойындаудың нышаны ғана емес, олар сіздің тынымсыз еңбектеріңіз бен ортақ мақсатқа адалдығыңызға деген терең ризашылығымыздың көрінісі.


Біз үстел теннисі федерациясының әрбір ойыншы, әрбір жаттықтырушы және жанкүйер санайтын отбасыға айналғанын мақтан тұтамыз. Ортақ ісімізбен жұмысты жалғастырып, Қазақстандағы үстел теннисінің болашағын бірге қалайық.


Сіздерді осы айтулы мерейтоймен құттықтаймын, қосқан үлестеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын және баршамызға сүйікті спортымыздың жетістіктерін көп жылдар бойы тамашалауды тілеймін. Рахмет!», — деді Данияр Әбілғазин.


Қазақстанда үстел теннисі өткен ғасырдың 50-жылдарында дами бастады. Дәлірек айтсақ, 1953 жылы Алматыда бірінші жарыс өтіп, оған барлық тілек көрсетушілер қатысты. Екі жылдан кейін Алматыға Анатолий Харитонович Ицкевич келді — бұл спорттың әуесқойы және спорттық іс-шараларды ұйымдастырушы, балаларды жаттықтыруды және оларға осы спорттың қыр-сырын үйретуді бастады.


1991 жылы республикамыз тәуелсіздік алғаннан бері үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаттары жыл сайын өткізіліп, 1993 жылы Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы құрылды. Сол жылы еліміздің ұлттық құрамасы алғаш рет Гетеборг қаласында (Швеция) өткен әлем чемпионатына қатысты.


Үстел теннисінің белсенді дамуы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев федерация президенті болып сайланғаннан кейін байқалды. Ол федерацияны 13 жылдан астам басқарып, қазақстандық үстел теннисінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгінгі таңда федерацияны басқарып отырған Данияр Рүстемұлы Әбілғазин, еліміздің барлық өңірлерінде үстел теннисін насихаттап, кеңінен тарауына ерекше көңіл бөліп келеді.


Қазіргі уақытта үстел теннисі Қазақстандағы ең қолжетімді және танымал спорт түрлерінің бірі болып саналады. Елімізде жыл сайын әлемнің үздік спортшылары – олимпиада жүлдегерлері, әлем чемпиондары жиналатын ғаламдық деңгейдегі беделді турнирлер өтеді.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz