Пт. Сен 20th, 2024

V-Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Қазақ көкпаршылары Ресей командасын 18:2 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды. Финалда Қазақстан көкпаршылары Қырғызстан мен Түркия арасында өтетін кездесуде жеңіске жеткен командамен алтын жүлдені сарапқа салады.

Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында өткізілген көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысуда. Барлығы 104 көкпаршы қатысқан додада – Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия көкпаршылары бағын сынап, атқа қонған.


Дереккөз: inbusiness.kz