Вс. Окт 6th, 2024

Осы санатқа кіретін балалардың бос уақытын тиімді қамту міндеті тұр. 

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды. Дауыс беруге қатысқан депутаттардың дені құжатты жақтап, дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Құжатпен жетім балалар үшін жаңа тәлімгерлік институтын енгізу бойынша норманы ұсынып отыр.

«Бұл институт 10 жастан асқан, балалар үйлерінде тәрбиеленетін жетім балаларды әлеуметтендіруге және өмір сүру жағдайларына бейімдеуге қосымша мүмкіндік береді. Тәлімгерлер, волонтерлік тәртіпте, яғни ақысыз, балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алып, оларға қолдау көрсетуге, әлеуметтендіру жұмысын жүргізуге мүмкіндік алады. Тәлімгерге, оларды бақылауға, олардың жауапкершілігіне қатысты нақты, әрі қатаң талаптар қарастырылды. Балалар үйі, білім басқармасы мен тәлімгер арасында барлық қарым-қатынас шартпен реттеледі. Заң жобасында полицияда девиантты мінез-құлық бойынша тіркеуде тұрған балаларды қолдау және оңалту бойынша арнайы норма ұсынылып отыр. Басты мәселе – осы санаттағы балалардың бос уақытын қамту», — деді мәжілісмен.

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, енді осы оқушылар проактивті форматта, яғни ешқайда барып өтініш бермей-ақ, түрлі үйірмелермен және секциялармен қамтылатын болады.

«Білім беру ұйымдарында діни және басқа да зиянды ақпаратқа жол бермеу туралы нақты міндет бекітілді», — деді ол.


Дереккөз: inbusiness.kz