Сб. Ноя 23rd, 2024

Мемлекет басшысы екі жыл бұрынғы тәртіпсіздіктердің себептерін бағалады. 

Жылдар бойы қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар, жалпы тоқыраудың билік пен қоғамды аздырып-тоздыруы Қасіретті Қаңтар оқиғасына әкеп соқтырды.

Бұл туралы Қазақстан Президенті «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

— Мен 2019 жылы Президент болып сайланғаннан кейін мемлекетіміз саяси жүйені демократияландыруға, қоғамдық өмірге еркіндік сипат беруге, экономиканы монополиядан арылтуға бет бұрды. Реформаларды әзірлеуге және оны жүзеге асыруға қоғам өкілдері, белсенді азаматтар, сарапшылар қатысты. Түрлі диалог алаңдарында, соның ішінде, менің ұсынысыммен арнайы құрылған Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесінің отырыс­тарында көптеген бастама көтеріліп, жан-жақты пысықталды.

Ашығын айтсам, осы жаңа бағдары­мыз кейбір ықпалды адамдарға мүлде ұнаған жоқ. Олар бұл өзгерісті елімізде әбден тамыр жайған жүйеге және билік құрылымындағы өздерінің «ерекше мәртебесіне» төнген қатер деп қабылдады. Мұндай адамдар елдегі өзгеріске астыртын, кейде тіпті ашық қарсылық білдіре бастады. Ақыр соңында реформаның бетін қайтарып, өздеріне ыңғайлы бұрынғы қалыпқа оралу үшін бәрін тас-талқан етуге шешім қабылдады, — деді Мемлекет басшысы.

Президент билікті басып алу жоспары шамамен 2021 жылдың ортасынан бастап дайындалғанын айтты.

Толық сұхбатты мына жерден оқуға болады.


Дереккөз: inbusiness.kz