Пт. Фев 23rd, 2024

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия Олимпиада кеңесінің (АОК) вице-президенті болып бірауыздан қайта сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таиланд астанасы Бангкокта Азия Олимпиада кеңесінің 42-ші Бас ассамблеясы өз жұмысын аяқтады. Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі АОК Президенті мен атқару комитетінің мүшелерін және АОК-тың тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдар кезеңіне АОК-тың вице-президенті лауазымына қайта сайланды.

Айта кетсек, Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бастап АОК-тың Орталық Азия өңіріне төрағалық етеді, ал 2019 жылы әріптестері оны осы лауазымға қайта сайлады. Сондай-ақ ол Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының вице-президенті және ХОК-тағы Олимпиада 365 (Olympism 365) комиссиясының мүшесі .

Кувейт ҰОК ұсынған шейх Талал Ахмад әл-Фахад әл-Джабер әл-Сабах (Sheikh Talal Ahmad Al Fahad Al Jaber Al Sabah) президент болды. Ол 4 артық дауыспен (24\20) Хусейн әл Мусалламның (Хусейн аль Мусаллам) алдын орап өтті .

АОК Бас ассамблеясында өткен жылдың қорытындысы шығарылды, Ханчжоу-2022 Жазғы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің (Hangzhou 2022 Asian Games) дайындық барысы туралы қорытынды есеп, сондай-ақ жаңартылған Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы (Olympic Solidarity) ұсынылды.

Азия Олимпиада кеңесі — Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мойындаған Ұлттық Олимпиада комитеттерінің бес континенттік бірлестіктерінің бірі, қазіргі уақытта 45 мемлекетті біріктіретін Азия елдеріндегі Олимпиада қозғалысының басқарушы органы. Ұйым АОК-ға мүше елдердегі Олимпиадалық қозғалыстарды үйлестіріп, басқарып отырады, үнемі жазғы және қысқы Азия ойындарын, жағажай спорт ойындарын және жабық ғимараттағы ойындарды өткізеді. АОК Азия және өңірлік ойындарды, сондай-ақ халықаралық жарыстарды өткізуге жәрдемдесумен қатар, оның мүшелері мен тиісті тараптарда туындауы мүмкін проблемалар мен дауларды шешуде уәкілетті орган болып табылады. АОК-тың штаб-пәтері Кувейтте орналасқан.

Айта кетсек, алдында Бангкокта Азия Олимпиада кеңесінің Бас ассамблеясы өтетіні хабарланған болатын.


Ақпарат көзі: Zakon.kz