6-7 тамыз аралығында Астана қаласында Samruk-Kazyna Trust қолдауымен тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар 7-14 жас аралығындағы балалар арасында пара жүзуден Samruk Alaman республикалық турнирі өтеді. Жарысқа қатысушылар 25м және 50м еркін стиль, брасс, баттерфляй және шалқалап жүзу дисциплиналары бойынша бақ сынайды.

Турнирдің мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасындағы пара жүзу спорт түрін насихаттау, дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, дарынды спортшыларды анықтап, қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру және инклюзивті қоғамды қалыптастыру.
Айта кетейік, пара жүзуден өтетін жарыс Samruk Alaman республикалық турнир жобасының кезекті кезеңі болмақ. Бұған дейін, аталмыш доданың алғашқы кезеңдері Қызылорда,Жаңаөзен қалалары мен Алматы (Әйте ауылы),Ақмола (Қажымұқан ауылы) және Маңғыстау (Даулет ауылы) облыстарында волейбол, үстел теннисі, дзюдо, футбол және футзал спорт түрлері бойынша өткен болатын .
Салтанатты ашылу рәсімі: 6 тамыз сағат 10:00-де
Өтетін орны: Астана қ, Қазақ ұлттық спорт университеті (Қарқаралы 15)
Жарыс бағдарламасы:
| 6 тамыз 25 м еркін жүзу 50 м шалқалап жүзу 50 м брасс 25 м баттерфляй | 9:00-9:30 10:00-10:20 10:30-12:30 13:00-13:30 | Жаттығу уақыты Ашылу салтанаты Жарыстың басталуы І-ші күннің марапаттау рәсімі |
| 7 тамыз 50 м вольный стиль 25 м шалқалап жүзу 25 м брасс 50 м баттерфляй | 9:00-10:00 10:00-12:30 12:30-13:00 | Жаттығу уақыты Начало соревнований ІІ-ші күннің марапаттау рәсімі |
Дереккөз: ФВВС