Пн. Ноя 25th, 2024

Әйел баланы ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалған.

Видео авторының айтуынша, бүлдіршінді аспаз соққыға жыққан. Ал баланың балабақшаға барғанына екі күн өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Elitar.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл — Түркістандағы балабақша. Баланың балабақшаға барғалы екінші күн болды, әлі үйренбегені анық, жылап жатқан шығар. Бірақ бұл оны ұрудың қажеті жоқ қой. Аспаз оны ұрды. Ал бұл кезде тәрбиеші, күтушілер қайда болды?!», — деді видео авторы.

Басылым журналистері Түркістан облысы әкімдігіндегілерден жағдайға қатысты пікір білдіруді өтінді. Алайда олар бұл өтінішке әлі жауап жоқ.


Дереккөз: inbusiness.kz