Чт. Май 9th, 2024

Алдын ала тыңдау 11 наурызда өтеді.

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау уақыты белгіленді. Бұл туралы «Сот кабинетінің» деректерінде жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала тыңдау дүйсенбі, 11 наурызда өтеді. Бұған дейін жазғанымыздай, істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарайды.

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды:

— ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы – “Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру”;

— ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы – “Кінәліге материалдық жағынан тәуелді адамға жасалған жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы дене және психикалық зардап келтіру”.


Дереккөз: inbusiness.kz