Ср. Май 8th, 2024

Бұл туралы марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов журналист Динара Сатжанның YouТube арнасына берген сұхбатында толық айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Басында Салтанаттың енесімен қарым-қатынасы өте керемет болды. Енесі тіпті қарындасыма «Салта, үй тазалап, тамақ пісірудің қажеті жоқ, сенің басты міндетің жай ғана әдемі болып, дүкен аралау» дейтін. Яғни, бастапқыда ешқандай мәселе болмаған. Оған қоса Салтанат пен оның ата-енесінің пәтерлері бір тұрғын үйдің екі қабатында орналасқан еді, сондықтан Салтанат енесін жиі қонаққа шақыратын. Ал Бишімбаевқа анасының үйіне көп келетіні ұнамай, алғашқы жанжалдың шығуына себеп болды», – дейді ол.


Дереккөз: Inbusiness.kz