Пн. Ноя 25th, 2024

Жас түлектер оқуда да озат. 

Түркістан облысы, Келес ауданындағы Ө.Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясынан биыл 100 түлек түлеп ұшпақ. Оның ішінде 6 егіз оқушы бір сыныпта білім алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Олардың есімдері Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан.

— Данабай Ақылбек “Алтын белгіге”, Данабай Асылбек “Үздік аттестаттқа” үміткер.

Жігіттердің анасы Жанар Арынова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Батпа тігін цехын ашқысы келсе, Зәуре сұлулық салонында жұмыс істеуді мақсат еткен. Аружан мен Аяужан болса бірдей заң саласында қызмет ету үшін «Тарих», «Құқық» сияқты пәндерді таңдауда, – дейді сынып жетекшісі Ләззат Анарқұлқызы.

Айта кету керек, мектеп түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы 25 мамыр күні өтеді. Осы жылы ауданнан 2000-нан аса бітіруші түлек үлкен өмір жолына қадам басқалы отыр, оның ішінде 89 оқушы “Алтын белгі” төсбелгісіне және 144 оқушы “Үздік аттестатқа” үміткер.


Дереккөз: inbusiness.kz