Пт. Май 3rd, 2024

Қазақстандық синоптиктер Абай облсында қашан жаңбыр жауатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірнеше күннен кейін алғаш рет оптимистік болжам айтыла бастады. Өртке оранған аймақта жақын арада жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тіпті ауа температурасы түсуі мүмкін, деп мәлімдеді КТК.

Алайда, «Қазгидромет» мамандары жауын-шашын ұзаққа созылмайтынын, ал температура сәл ғана төмендейтінін айтты. Дегенмен бұршақ жаууы мүмкін.

Қазір 40 мың гектардан астам орман өртеніп жатыр. Өртпен 1800 адам күресіп жатыр. Оларға күннің ыстығы мен жел, жол жоқтығы кедергі болып тұр.

«Таяу күндері Қазақстан Республикасының басым бөлігінде – Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Жетісу облысында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында,  Павлодар облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады,«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова


Ақпарат көзі: kaz.zakon.kz