Пн. Июн 24th, 2024

Күршім ауданында магнитудасы 2 балл болатын дүмпулер сезілді.

Бүгін таңертең Күршім ауданында жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Құйған ауылынан 20 км таулы жерде орналасқан, ошақтың тереңдігі 15 км. Оқиға таңғы сағат 6.00-де болған.

Зілзаладан ешкім зардап шеккен жоқ.

ШҚО ТЖД жер сілкінісі кезінде өте сақ болып, тез арада ғимараттан шығу керектігін еске салады.

Егер көшеде болсаңыз биік ғимараттардан, ағаштардан және электр желілерінен аулақ болыңыз.

Көлікте отырсаңыз тербеліс тоқтағанша көліктен шықпаңыз.

— Ғимараттан шығып үлгермеген жағдайда қауіпсіз саналатын орындарға, қабырғаның, тіркетердің бұрышына немесе мүмкін болса үстелдің астына жасырыныңыз. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Ақпарат көзі: Inbusiness.kz