Вт. Июн 18th, 2024

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында моншаның жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Тағы 2 адам ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқыс оқиға кезінде моншада адам болмаған. Қазір мамандар жартылай қираған ғимаратты бөлшектеп, тазалап жатыр.


Дереккөз: tengrinews.kz