Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Өрел ауылында 18 қыркүйек күні алғашқы қар жауды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған ауыл Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында, сол жағалауында орналасқан. Ол арқылы Үлкен Нарын-Рахманов бұлақтары автожолы өтеді.
Катонқарағайда түнде температура -2 градусқа дейін төмендеген, ал күндіз +13 градусқа дейін көтеріледі деп күтіліп отыр.
Айта кетейік, былтыр бұл аймақта алғашқы қар тамыз айында жауған болатын.
Дереккөз: inbusiness.kz